377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 430
  • UPD: 17:30, 29.11.2018
Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды otvprim.ru

Қазақстанның алты өңірінде және елордада ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Жамбыл облысында 30 қарашада жауын-шашын түсіп, күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысып, оның екпіні 30 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. 1 желтоқсан күні түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аяз болады.

Алматы облысында 30 қарашада күндіз жауын-шашын түсіп, күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысып, оның екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. 1-2 желтоқсанда түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 18-23 градус аяз болады.

Түркістан облысында 30 қарашада күндіз жауын-шашын, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. 1 желтоқсан түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 16 градус аяз болады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

29 қараша күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтау қаласында оның екпіні 18 м/с-ке жетуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

30 қарашада Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Астанада 30 қарашада түнде және таңертең көктайғақ, бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

30 қарашада Қостанай облысында бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

 

Хабар 24 телеарнасы