371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарды желтоқсанда қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 606
  • UPD: 18:27, 30.11.2018
Қазақстандықтарды желтоқсанда қандай ауа райы күтіп тұр? BNews.kz

Қыстың алғашқы күндері суық атмосфералық ауа ағындарының ауысуына байланысты еліміздің көптеген облысында ауа райы құбылмалы болады.

Ел аумағының солтүстігінде қар жауып, жел мен бұрқасын соқса, оңтүстік өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық ауа ағындарынан кейін суық антициклон ауысып, соған байланысты ауа температурасы төмендейді:

1-2 және 4-5 желтоқсан аралығында батыста, солтүстік-батыста түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус аяз болады;

1-2 және 4-7 желтоқсанда солтүстікте, орталықта және айдың басында елдің шығысында түнде 15-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін, күндіз 10-18 градус аяз болуы ықтимал;

1-3 желтоқсанда оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 8-18 градус, күндіз 2-10 градус аяз.

 

Осы категория бойынша: « Түркістан облысы мен Шымкентте дауылды ескерту жарияланды Жолдардың жабылуы туралы ақпарат »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы