388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы күндері Астанада қар жауады

  • 680
  • UPD: 19:10, 09.12.2018
Алдағы күндері Астанада қар жауады Atameken Business Channel

Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбіде елордада қар жауады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

10 желтоқсанда күн құбылмалы болып, күндіз қар жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде -16-18°С, күндіз -7-9°С көрсетеді.  

11 желтоқсанда да күн құбылмалы болады, кейде қар жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -7-9°С көрсетеді. 

Хабар 24 телеарнасы