377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

  • 518
  • UPD: 23:14, 13.12.2018

Шығыс Қазақстан облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін.

Сондықтан өңірдегі селден қорғау мекемесінің мамандары қауіптің алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Биыл тау арасынан өтетін жолдардағы қырқалардың бойында қырықтан астам жасанды жарылыс жасалып, 60 мың текше метр қар түсірілген. Жалпы өңірде қар көшкіні болатын 500-ге жуық қауіпті аумақ бар. Оның 336-сы қыста үнемі бақылауда болады. Ол аймақтарда елдімекендер орналасқан әрі көлік жолдары өтеді. Ал қары қалың маңдарға арнайы белгілер қойылған. Биыл таулы өңірде қардың қалыңдығы 1 метрге жетіп қалған.

Есімхан Бәтібаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалы басшысының орынбасары: 

- Біздің филиалда 21 бақылаушымыз бар. Күн сайын олар қадағалап қар жауғаннан кейін өздерінің маршруттарымен қардың қалыңдығын тексереді.  Қардың ішкі құрылысын тексереді. Қардың темпратурасын тексеріп, содан бізге хабарлап, біз қорытынды жасаймыз. Сол бойынша  әр жерлерде профилактика жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы