379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әуежайында рейстер уақытынан кешігіп жатыр

  • 522
  • UPD: 11:56, 18.12.2018
Астана әуежайында рейстер уақытынан кешігіп жатыр

Қазіргі уақытта жеті ұшу рейсі мен бес қону рейсі уақытынан кешігіп жатыр. Атап айтсақ, SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана және Ереван - Астана бағыты бойынша екі рейсі, Qazaq Air әуе компаниясының Алматыдан шығатын екі рейсі мен Жезқазғаннан ұшатын бір рейсі кешігуде.

Сондай-ақ Air Astana компаниясының Алматыдан шыққан рейсі мен польшалық әуе желілерінің Варшавадан шығатын рейсі де кешігіп жатыр. Кешігу уақыты жарты сағаттан 4,5 сағатқа дейін болып отыр.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының сайтында хабарланды. 

Сонымен қатар Астанадан Ереван, Алматы, Ақтөбе және Жезқазғанға бағытталған рейстер де кешігуде.

Айта кету керек, Астанада аздаған қар жауып, тұман түсуде. Рейстердің кешігу себебі жөнінде туралы әзірге мәлімдеме болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы