376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендейді

  • 464
  • UPD: 16:11, 20.12.2018
Астанада ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендейді Total.kz

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша түнде 21, 22 желтоқсанда ауа температурасының -30 -32 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Қатты жел, аяз, бұрқасын болған кезде:

- мүмкіндігінше іргелі құрылыс нысандарында күте тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- орын жайларда терезеден алшақ болып, электрқұралдарды қолданбауға тырысыңыз.

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Ақпарат көзі: Астана қаласы ТЖД

Хабар 24 телеарнасы