379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда алдағы күндері -38 градус болады

  • 714
  • UPD: 16:48, 20.12.2018
Қазақстанда алдағы күндері -38 градус болады kp.kz

Алдағы күндері Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 38 градусқа дейін аяз болып, Түркістан облысында 15-20 м/с жел болады деп күтіледі.

21-22 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстігінде түнде ауа температурасы 30-33 градусқа дейін, Қарағанды облысында 32-35 градусқа дейін, Шығыс-Қазақстан облысында 33-38 градусқа дейін аяз күтіледі.

Астана қаласында түнде 21-22 желтоқсанда ауа температурасы 30-32 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Таулы аудандарда баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы