377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мектептердегі сабақ қандай жағдайларда тоқтатылады

  • 461
Мектептердегі сабақ қандай жағдайларда тоқтатылады

Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарында қатты аяздарда және екпінді жел болғанда сабақ тоқтатылады. 

Ауа температурасы 25-29 градус аяз және одан төмен болса немесе желдің жылдамдығы 2-4 м/с асса 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ өткі­зілмейді.

Ал 30-34 градус аяз және одан төмен болса желдің жылдамдығы 2-4 м/с асқан жағдайда 5-9 сыныптардың сабағы кейінге қалдырылады.

10-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студент­теріне аяз 35 гра­дус­қа дейін күшейіп, желдің жылдамдығы 2 м/с асса сабақ тоқтатылады.

Сондай-ақ жел соғып, бұрқасын болғанда көру деңгейінің төмендеуі байқалғанда 0-11 (12) сыныптарда, колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы ақпаратты 109 (ұялы телефоннан тегін), «Smart Astana» қосымшасында, Астана қаласы Білім басқармасының www.bilim.astana.kz сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасында және мектеп әкімшілігінен білуге болады. 

Ақпарат бірінші ауысым үшін 6.15-6.30 аралығында таратылса, екінші ауысым үшін 12.15-12.30 кезінде көрсетіледі.

Ақпарат көзі: elorda.info

Хабар 24 телеарнасы