379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің өңірлерінде аяз 40°С дейін күшейеді - Қазгидромет

  • 375
  • UPD: 13:06, 24.12.2018
Еліміздің өңірлерінде аяз 40°С дейін күшейеді - Қазгидромет

Синоптиктер 25-27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, аяздың беті әлі қайтпайды.

«Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі. Солтүстік-орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 32…37 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30 градусқа дейін аяз күтіледі», - деп болжады «Қазгидромет» өкілдері.

Тек батыс облыстарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ және күндіз температураның 0-5 градус аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін екені айтылады.

Хабар 24 телеарнасы