378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 317
  • UPD: 17:41, 26.12.2018
БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды arnapress.kz

Батыс Қазақстан облысында желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде 27 желтоқсан күні желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Күн жауын-шашынды болып, боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында СМС-хабарламалар жіберуде. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.

Өңірде соңғы күндері бұрқасын көтеріліп, әсіресе, жолға шыққандардың жағдайы қиындай түсуде. Бұл жөнінде аудан-ауылдардан вацап арқылы хабарлар келіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы