378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің алты өңірінде боран соғып, жел күшейеді

  • 668
  • UPD: 19:20, 26.12.2018
Еліміздің алты өңірінде боран соғып, жел күшейеді inatyrau.kz

Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бұрқасын болып, қатты жел соғады.

27-28 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбеде 27 желтоқсан түнде бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болуы ықтимал.

27 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауыл ықтималдығы - 90-95%.

27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Дауыл ықтималдығы - 90-95%.

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз боран болады. Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 18 м/с болуы ықтимал. Дауыл ықтималдығы - 90-95%.

27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысына жауын-шашын жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс желі 17-22 м/с-ке дейін жетеді. Оралда 27 желтоқсанда жауын-шашын жауып, тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ болады және жылдамдығы 18 м/с болатын оңтүстік-шығыстан жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 95-98%.

27 желтоқсанда түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды, 27-29 желтоқсанда кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. 27-29 желтоқсанда Атырауға тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл ықтималдығы - 85-90%.

Хабар 24 телеарнасы