376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мерекеде аяқасты шығынға ұшырамау үшін әрбір затты жоспарлап алу керек – психолог кеңесі

  • 580
  • UPD: 10:32, 27.12.2018

Жаңа жыл мерекесі кезінде ел азаматтары өзге күндермен салыстырғанда бір жарым, кей жағдайда екі есе көп қаржы жұмсайды. Сарапшылардың статистикалық деректері осындай. Гипермаркеттер немесе шағын дүкендер маркетингтік жолдарды қолданып, ойланбастан тауар сатып алуға түрткі болады.

Азық-түлік толы сөрелер, көздің жауын алар жылтырауықтар мен мерекеге сай жаңа жылдық қалпақшалар киген сатушылар. Сауда орталығындағы ырғақты музыканың өзі адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Бұл маркетологтардың сатып алушыны арбап, барынша көп ақша жұмсауына бағыттаған айла-тәсілі. Психологтардың айтуынша, нәтиже де өзін көп күттірмейді. Сол себепті ойламаған жерден шығынға ұшырамау үшін әрбір затты жоспарлап алу керек дейді маман.

Айбек Сыдықов, психолог:

- Кез келген сатып алулар жоспарлы болуы керек. Қазір көпшілік карточкалармен төлейді. Сіз дүкенге барғанда қанша ақша жұмсағыңыз келеді, Сол соманы ғана алып барыңыз. Керек заттардың тізімін жасап алсаңыз тіпті жақсы. Біреуге сыйлық алсаңыз да  шамамен қанша теңге жұмсайтыңызды жазу керек.

Мұндай қарбаласта адамдардың басым бөлігі тауар бағасына назар аудармайтыны анық. Алайда бұл қателік, себебі сөреде және түбіртекте көрсетілген бағаның екі түрлі болу деректері жиі кездеседі. Сондай-ақ тауарды өлшеу кезінде де кемшіліктер болып тұрады. Былтыр, дәл осындай жағдайдан ірі сауда орталықтарының бірі көпшіліктің наразылығын тудырды. Сатып алушы, шұжықтың бағасы жазылған заттаңба мен нақты өлшемінің әртүрлі екендігін ғаламторға жариялаған. Кей сауда орындарының қызметі биыл да көпшіліктің көңілінен шықпай отырған сыңайлы. Тұтынушылар көбіне тауар сапасының төмендігіне наразы. 

Жәмилә Кәрімова, қала тұрғыны:

- Жолдасым екеуіміз азық-түлік алу үшін дүкенге бардық. 5-6 қорап сүт сатып алдық. Үйге келгеннен кейін ашып қарасам, барлығы бүлініп кетіпті. Содан кейін үш күннен соң сол сауда орталығына тағы барып, сүт алдым. Бұл жолы да өнім жарамсыз болып шықты. Өкініштісі, түбіртектерді сақтамап едім. Алдағы уақытта осы қателікті қайталамауға тырысамын. 

Сатып алушыларды алдаған сауда орталықтарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда ол үшін дәлел қажет. Түбіртек немесе бейнежазба арқылы дүкен иелерін айыппұл төлетуге мүмкіндік бар. Ал егер де мұндай жағдайлар беретін болса, сауда кешені жабылуы да мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы