376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 495
  • UPD: 17:27, 27.12.2018
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Sputniknews.kz

Қостанай, Батыс Қазақстан және Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. 28 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 28 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, әуелі оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні 9-14 м/с дейін жетеді, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін барады. 28-30 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қ: 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы