376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 559
  • UPD: 19:48, 28.12.2018
Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

29 желтоқсанда Түркістан облысында тәулік бойы тұман болып, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 23 м/с дейін жетеді. 29 желтоқсан күні Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сол күні Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. 29 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 29-30 желтоқсан күндері Алматы өзендері мен Сырдария өзенінің Қызылорда облысындағы бөлігінде тұрақсыз мұз құбылыстарына байланысты сең тоқтап, өзендердің арналарынан шығу қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы