375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңажылдық мереке күндері астаналық қоғамдық көліктер қалай жүреді?

  • 835
Жаңажылдық мереке күндері астаналық қоғамдық көліктер қалай жүреді? astana.gov.kz

Мереке күндері қоғамдық көліктің көп пайдаланылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ірі сауда нүктелері мен ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 13-тен астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Дәлірек айтқанда, автобустардың саны арттырылады. Сондай-ақ, аталған бағдарлардың жүру интервалы 13-тен 9 минутқа дейін қысқарады», - делінген компанияның хабарламасында. Осылайша, №№ 2, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 33, 37, 39, 40, 51, 71 бағдарлар қысқартылған интервалмен қатынайтын болады. Тұрғындарға қосымша 48 автобус қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы