377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада көліктік карталар сатылатын кассалар 31 желтоқсанда қалай жұмыс істейді?

  • 441
  • UPD: 18:47, 29.12.2018
Астанада көліктік карталар сатылатын кассалар 31 желтоқсанда қалай жұмыс істейді?

Жаңа жыл қарсаңында кассалардың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» ЖШС-не сілтеме жасап.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! 31 желтоқсанда «Жеңіс» СҮ мен «Евразия» СҮ қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Сол себепті Жеңіс даңғылы, 47 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жеңіс» СҮ-дегі мамандандырылған касса сағат 17:30-ға дейін, Петров көшесі, 24 мекен-жайы бойынша орналасқан «Евразия» СҮ-дегі мамандандырылған касса сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы