376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шипажайлық-курорттық емделуге жазылу қаңтардан бастап электронды форматта жүргізіледі

  • 675
  • UPD: 19:30, 29.12.2018
Шипажайлық-курорттық емделуге жазылу қаңтардан бастап электронды форматта жүргізіледі 2ГИС

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен» жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соларға теңестiрiлген адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер» санаты бойынша шипажайлық-курорттық емделуге жазылу 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап электронды форматта жүргізілетіндігін хабарлады.

«Құрметті елорда тұрғындары!

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен» жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соларға теңестiрiлген адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер» санаты бойынша шипажайлық-курорттық емделуге жазылу 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап электронды форматта жүргізілетіндігін назарына жеткізеді.

Ол үшін ХҚКО-мен берілетін электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) және sankur.astana.kz. сайтында өз бетінше тіркелім қажет етіледі.

Аталған қолтаңбаны жүзеге асыру тетігі бірінші кезекте дүрлікпені және орынжайда адамдардың көп санын бір мезгілде қабылдау үшін жарамайтын кептелуді жоюға, сондай-ақ кезек кезіндегі жазудың және ашықтықтың ыңғайлылығына арналған.

sankur.astana.kz сайтында шипажайлық-курорттық емделуге жазылуға қатысты ақпарат (санаттары бойынша келудің рұқсат етілген саны және келу кезеңдері, санаторий мекенжайы, кезектегілердің тізімі және басқалары) ұсынылды.

Барлық мәселелер бойынша мына телефондарға: 55-69-63, 55-68-47, 55-14-87, 55-14-74 хабарласуға болады», делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы