376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 662
  • UPD: 22:47, 01.01.2019
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? sonmir.ru

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с  күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Хабар 24 телеарнасы