389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады?

  • 1840
  • UPD: 14:50, 03.01.2019
Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады? Podrobnosti.ua

Қаңтар айында республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы болады.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын күтіледі.

Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі.

Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді.

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады.

Ауа температурасы түнде 2...7, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аязды құрайды.

Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Айта кетейік, синоптиктер синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам өзгерістерге ұшырауы мүмкін екендігін айтады.

Хабар 24 телеарнасы