Алматы облысында автожол бөлігі көліктің барлық түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды «КазАвтоЖол».
6 қаңтар күні сағат 19:40-тан бастап ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) байланысты «Үшарал-Достық» автожолының бөлігінде (83-184 км, Көктума ауылынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.