377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада осы аптада қандай мәдени шаралар өтеді?

  • 291
  • UPD: 13:25, 07.01.2019
Астанада осы аптада қандай мәдени шаралар өтеді?

Астана қаласы әкімдігінің сайты 7-13 қаңтар аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін шаралардың жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы 31 қаңтарға дейін (сағат 10:00 - 18:00) - «Антиквариат» атты көрме.

Қуыршақтар театры 7 - 9 қаңтарда сағат 12:00, 14:00-де - «Жаңа жыл түніндегі жезтырнақтың әлегі» шырша маңындағы мерекелік ойын және Аяз атаның жаңажылдық ертегісі. 12 - 13 қаңтарда сағат 12:00, 14:00, 16:00-де - «Көжек қалай қоян болды» ертегісі. Қалалық алаң,«Хан Шатыр» ОСО аумағы, Ботаникалық бақ  7 қаңтар мен 17 ақпан аралығы (сағат 13:00 - 20:00) - «Astana Winter Land» фестивалі аясындағы қысқы шаралар циклі.

Астаналық цирк 7 қаңтарда сағат 16:00-де - «Бақыт құсы» жаңажылдық цирк бағдарламасы.

«Астана Опера» МОБТ (камералық зал) 7 қаңтарда сағат 17:00-де - «Астана Операдағы музықалық демалыс» концерті 9 қаңтарда сағат 19:00-де - «Богема» операсы. 13 қаңтарда сағат 17:00-де - «Экран әуендері» концерті. «Барыс-Арена» КМС 8 қаңтарда сағат 19:30-да - «Барыс» ХК - «Амур» ХК арасындағы хоккей матчы 10 қаңтарда сағат 19:30-де - «Барыс» ХК - «Куньлунь Ред Стар» ХК арасындағы хоккей матчы.

13 қаңтарда сағат 17:00-де - «Барыс» ХК - «Сочи» ХК хоккей матчы. Бейбітшілік және Келісім Сарайы 9 қаңтарда сағат 19:00-де - «Тәтті шәй» жобасының концерті.

12 қаңтарда сағат 19:00-де - «Өнерім - өмірім» Н.Абишеваның жеке концерті.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 10 қаңтарда сағат 18:30-де - «Тіл табысқандар» комедиясы.

Шаңғы роллерлі тас жолы 12, 13 қаңтар сағат 10:00-де - тіркеу, сағат 11:00-де - шаңғы тебуден Астана қаласының Чемпионаты 1 тур. «Ақбұлақ» өзені 13 қаңтарда сағат 14:00-де - Пимамен хоккей спорты бойынша турнир.

«Астана» концерт залы 13 қаңтарда сағат 17:00-де - Клара Төленбаеваның «Сырнаймен егіз сырлы әнім» атты жеке концерті.

Хабар 24 телеарнасы