377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды

  • 577
  • UPD: 10:28, 08.01.2019
Ауа райына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде ескерту жариялады.

Атап айтсақ, 8 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерді тұман басады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады. 8 қаңтар күні Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейетіні күтіледі. 8 қаңтарда Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжануда. Сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерді тұман басып, көктайғақ  болады. Тұман мен көктайғақ, сондай-ақ Актау қаласында күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы