377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның кей аймақтарында аяз 37 градусқа дейін күшейеді

  • 657
Қазақстанның кей аймақтарында аяз 37 градусқа дейін күшейеді sonnik.ru

Қазгидромет 10-12 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

«Орталық Азия аумағынан жылжитын циклонмен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, көктайғақ және тұман, ал шығыста қар, бұрқасын және қатты екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы алдағы тәуліктерде жоғарылайды, бірақ 11 қаңтарда төмендей бастайды, әсіресе Қазақстанның шығыс аймақтарында», – делінген хабарламада. Мұнда түнде аяз тағы да 30-37 градусқа дейін күшейеді. Республиканың солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысымның алқабында болатындықтан, кей жерлерде аздаған қар күтіліп, түнде аяз 28-35 градусқа дейін жетеді. Батыс облыстарында қысқа мерзімді суытудан кейін температураның жоғарылауы, қар және көктайғақ күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы