379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

  • 632
  • UPD: 14:36, 11.01.2019
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріліп, қар жауады, кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын болуы мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағына Қара теңіз аймағынан жылжып келе жатқан ауа ағындарының ықпалымен Сібір антициклоны әлсіреп, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болуы мүмкін әрі жел күшейе түседі. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына оңтүстік циклоны ықпал етуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Батыстан күшті жел соғып, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерге тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы