378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің оңтүстік-батыс аймақтарында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 667
  • UPD: 18:27, 12.01.2019
Еліміздің оңтүстік-батыс аймақтарында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста ескерту жарияланды.

13 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. 13 қаңтар күндіз, 15 қаңтар күні тәулік бойы оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.

13 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

13 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Сол күні Ақтөбе қаласында түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 18 м/с. Дауыл тұру ықтималдығы 90-95%.

Хабар 24 телеарнасы