378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның бірқатар мектебінде сабақ тоқтатылды

  • 382
  • UPD: 12:00, 15.01.2019
ШҚО-ның бірқатар мектебінде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысында күн райы күрт бұзылды.

Өңірдегі солтүстік аудандарда ауа температурасы түнде 30-34 градусқа дейін төмендеген. Алтай, Қатонқарағай және Көкпекті аудандарында сары аяздың күші әлі қайтпай тұр. Бұл аудандарда кешеден бері орта мектептер мен коллеждерде бірінші ауысымдағы сабақ тоқтатылды. Ал бүгін Өскеменде секундына 18-20 метрге жететін боран соғып тұр. Сондықтан облыс орталығындағы орта мектептерде бастауыш сыныптарға сабақ болмайды. Бүгін таңертең Өскемен – Алтай-Қатонқарай –Рахман қайнары бағытындағы республикалық тасжолы ақтүтек боранның кесірінен уақытша жабылған. «Қазақавтожол» мамандарының айтуынша, қазір желдің екіпіні басылып, жол толық ашылды. Облыстық «Қазселден қорғау» мекемесінің мамандары таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады. Сондықтан тау арасынан өтетін автокөлік жолдары мен демалыс аймақтарында бақылауды күшейтті.

Хабар 24 телеарнасы