378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірнеше аймағында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 439
  • UPD: 19:56, 15.01.2019
Еліміздің бірнеше аймағында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды. Тіпті көктайғаққа байланысты бірқатар күре жолдар жабылды. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбор тас жолының Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы бөлігінде қозғалыс шектелді.

Қазгидромет келтірген мәлімет бойынша Түркістан облысында тұман мен көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал 15 және 16 қаңтар күндері Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында жауын-шашын мөлшері артып, су деңгейі көтеріледі. Синоптиктердің болжауынша, Қызылорда облысында да күн райы күрт бұзылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы