Батыс Қазақстан облысында бұрқасын мен күшті желге байланысты жолдар жабылды.
Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл жерлерде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен. Аталған жолдар кеше де жабылып, бүгін таңертең ашылған болатын. Сонымен қатар кеше сағат 23.00-ден бастап жабылған облыстық «Тасқала-Аққурай-Болашақ» және бүгін 00.30-дан бастап қозғалыс шектелген республикалық «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» жолдары әлі ашылған жоқ.
Ақпарат көзі: inform.kz