389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 676
  • UPD: 17:56, 17.01.2019
Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды Sputnik Казахстан

Еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

18-20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі.

18 қаңтар күні Қостанай қаласында көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады деп күтіледі.

18 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шымкентте 18 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, күннің екінші жартысында екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 18 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы