378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

  • 367
  • UPD: 14:03, 20.01.2019
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының автомобиль жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазавтожол» компаниясы хабарлайды.

Компания мәліметінше, боран соғып жолды көру нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында Алматы-Өскемен автомобиль жолының бірқатар бөлігінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіліп отыр. 

Атап айтсақ, Алматы облысының шекарасы мен Аягөз қаласы аралығындағы 615-768 шақырым, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы аралығындағы 558-615 шақырым жабық. Сонымен қатар Үшарал-Достық автожолының Көктума ауылынан Достық стансасына дейінгі аралықтағы 83-184 шақырымда көліктердің жүруіне шектеу қойылған.

Хабар 24 телеарнасы