389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райына байланысты төрт облыста ескерту жарияланды

  • 890
  • UPD: 21:54, 22.01.2019
Ауа райына байланысты төрт облыста ескерту жарияланды VN.ru

Синоптиктер ауа райына байланысты төрт облысқа ескерту жариялады.

23 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші – 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

23 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 23 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында 23-25 қаңтарда кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

23 қаңтарда Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 23 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы