375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Наркологиялық, туберкулез диспансерінен берілетін анықтамаларды @EgovKzBot арқылы алуға болады

  • 433
  • UPD: 13:33, 24.01.2019
Наркологиялық, туберкулез диспансерінен берілетін анықтамаларды @EgovKzBot арқылы алуға болады bnews.kz

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша үш қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрай алады:

– Наркологиялық диспансерден анықтама;

– Психоневрологиялық диспансерден анықтама;

– Туберкулез диспансерінен ұйымнан анықтама беру.

Анықтамалар тегін беріледі. Аталған анықтамаларды онлайн режимде алу жеңіл, әрі азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді (мысалы, жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде).

Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзіңіздің гаджетіңізде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу қажет (@EgovKzBot деп іздеу керек).

Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.

Қазіргі уақытта Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 20-ға жетті.

Хабар 24 телеарнасы