378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады

  • 531
  • UPD: 12:32, 25.01.2019
Алдағы демалыс күндері Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады Фокус

Синоптиктер 26-28 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым аймағында түнде 30...38 градусқа дейін аяз болады.

«Ал күндіз 18...27, кей жерлерде 30 градус аяздан жоғары болмайды, бұл климаттық нормадан төмен. Орталық Азия арқылы циклон жылжыйтын болады. Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон және Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады», – дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Сондай-ақ синоптиктер 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады деп ескертеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші – 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавлда да 26 қаңтарда бұрқасын болатыны айтылады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы