378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің тағы екі өңірінде мектептерде сабақ тоқтатылды

  • 343
  • UPD: 11:08, 28.01.2019
Еліміздің тағы екі өңірінде мектептерде сабақ тоқтатылды Sputnik Казахстан

Бүгін Қостанайда қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сыныпттар үшін сабақ болған жоқ, деп хабарлайды қалалық білім бөлімі.

Таңертең термометр бағаны қалада -27 градусқа дейін төмендеді.

Ақмола облысында да ауа температурасы-30 градустан асып тұр. Осыған байланысты бүгін бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ кейінге шегерілді. Аудан, ауылдарда да осындай жағдай.

Айта кетейік, ауа райын болжаушылар, осыған дейін 28-29 қаңтар күндері аймақта-38 градусқа дейін суытады деп хабарлама таратқан болатын. Дегенмен ақпан айының басында да өңірде осындай қатты аяз қайталанады деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы