378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінде ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді

  • 390
  • UPD: 13:55, 28.01.2019

Ертіс өңірінде де аяз күшейді.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы уақытта ауа температурасы -38-40 градусқа дейін төмендейді. Бүгін сынап бағанасы -32 градусты көрсетті. Соның салдарынан облыстың қала-аудандарындағы мектептердің барлығында сабақ тоқтатылды. Әзірге 355 мектептің 1-9 сыныбында оқитын 58 мыңнан астам оқушы мектепке бармайды. Аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, қақаған аяздың алғашқы құрбандары бар. Соңғы тәулікте екі ер азаматты ІІ және ІІІ деңгейлі үсік шалған. Зардап шеккендер емханаларға жедел жеткізіліп, тиісті ем-дом алып жатыр.

Айта кетейік, өңірдегі жедел қызмет құрылымдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары алыс жаққа жолға шықпай тұруды ескертіп, ашық ауаға сирек шығуға кеңес береді. 

Марат Қанжығалин, қалалық №1 емханасы күйік бөлімінің меңгерушісі:

- Қыс басталғалы бері үсік шалудың 39 оқиғасі тіркелді. Қазіргі уақытта жеті адам күйік бөлімшесінде ем алып жатыр. Соңғы рет аураханаға 28 жастағы ер азамат түсті. Ол Шарбақты ауданында жолға шығып, діттеген жеріне жете алмаған. Салдарынан қол-аяғы үсіп қалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Аязды күндері алыс жолға шықпаған абзал.

Хабар 24 телеарнасы