378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аязға байланысты ШҚО мен Павлодар мектептерінде сабақ болмайды

  • 310
  • UPD: 08:25, 29.01.2019
Аязға байланысты ШҚО мен Павлодар мектептерінде сабақ болмайды momexujemeda.gq

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының ТДЖ хабарлауынша, қатты аязға байланысты өңірде 1-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Атап айтқанда, Семей, Риддер қалалары мен Алтай, Жарма сияқты басқа да аудандарында ауа температурасының минус 30-дан төмендеуіне байланысты сабақтар тоқтатылды.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында да күннің суытуына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Хабар 24 телеарнасы