378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің екі облысында су деңгейі көтерілуі мүмкін

  • 315
  • UPD: 10:57, 30.01.2019
Еліміздің екі облысында су деңгейі көтерілуі мүмкін

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Жамбыл және Түркістан облыстарында 30 қаңтардан 1 ақпанға дейін жауын-шашын түсіп, таулы аймақтардағы өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ 30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, оның екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Хабар 24 телеарнасы