378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» – СКА матчына Shuttle автобустар ұйымдастырылады

  • 483
  • UPD: 14:06, 31.01.2019
«Барыс» – СКА матчына Shuttle автобустар ұйымдастырылады

Бүгін «Барыс» (Астана) – СКА (Санкт-Петербург) командалары арасында өтетін хоккей матчына арнайы Shuttle автобустары ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» ЖШС-не сілтеме жасап.

«Арнайы Shuttle автобустарында жүру құны қалалық қоғамдық көліктегі жолақысының мөлшерімен бірдей», – делінген компанияның хабарламасында. Жиналатын мәрелі нүктелер: «Қазақстан» СК тұрағы; Қанжығалы Бөгенбай батыр ескерткішінінің алаңындағы тұрақ (Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдарының қиылысы). Автобустардың жүру уақыты – 18:30 сағ. Жеткізу орны – «Барыс Арена».

Хабар 24 телеарнасы