378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 2 ақпаннан бастап жаңа бағдар іске қосылады

  • 497
  • UPD: 18:06, 31.01.2019
Астанада 2 ақпаннан бастап жаңа бағдар іске қосылады bnews.kz

Елордада 2 ақпаннан бастап жаңа маршрут іске қосылады.

Бұл туралы Astana LRT баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылдың 2 ақпанынан бастап № 5А модификацияланған бағдар іске қосылады. Бағдар «Көктал-1» тұрғын алабын № 19 орта мектеппен тікелей байланыстыру мақсатында құрылған. № 5А бағдар қолданыстағы № 5 бағдар негізінде әзірленген.

№ 5А бағдарының қозғалыс сызбасы келесідей:

- «Наз» би театры» бастапқы аялдама пунктінен Көктал:

– Бағыт 52 көшелері қиылысына дейін №5А бағдарының бекітілген қозғалыс кестесіне сәйкес, одан әрі Көктал көшесімен тіке, Дулатов көшесіне оңға, Герцен көшесіне оңға, Оқжетпес көшесіне солға, одан әрі қарай №5 бағдардың бекітілген қозғалыс кестесіне сәйкес қозғалады», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы