375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

  • 309
  • UPD: 21:29, 03.02.2019
Астана маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

2019 жылдың 4 ақпанынан бастап жаңа Астана маңына қатынайтын № 320 бағдары іске қосылады.

Бұл туралы Astana LRT баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті жолаушылар! Алдағы дүйсенбі, 2019 жылдың 4 ақпанынан бастап жаңа қала маңына қатынайтын №320 бағдар іске қосылады. Осылайша, Қосшы ауылының сол жағы қаланың көлік инфрақұрылымына енгізілетін болады. Жаңа №320 автобустың бағдары «Назарбаев Университеті» аялдамасынан, Қабанбай батыр даңғылымен Лесная поляна тұрғын үй алабына дейін, одан әрі Республика көшесімен Сүйінбай көшесіне дейін, одан әрі Қосшы ауылының сол жағымен «Муслим» дүкен-кафесіне дейін жүреді. Кері бағытта №320 бағдар жоғарыда көрсетілген сызбамен қатынайды», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы