Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
5 ақпан күні Астана қаласында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с к.
6-7 ақпан аралығында түнде қатты аяз -37-39 градус күтіледі. 5 ақпанда Ақмола облысында қар жауып, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, түнде және таңертең жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.