378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы бірқатар жол барлық автокөлік түрлеріне жабық

  • 330
  • UPD: 12:07, 05.02.2019

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды.

Толассыз жауған қар мен жел жылдамдығының күшеюіне байланысты Астанадан шығар екі тасжол жабылды. Олар – Астана-Атбасар мен Астана-Щучье трассалары. Сондай-ақ «ҚазақАвтодор» деректері бойынша, Щучье-Көкшетау және Көкшетау-Петропавл тасжолдары да уақытша жабық.

Хабар 24 телеарнасы