378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана маңындағы елді мекендерге автобустардың қатынауы тоқтатылды

  • 302
  • UPD: 08:29, 07.02.2019
Астана маңындағы елді мекендерге автобустардың қатынауы тоқтатылды

Ауа райына байланысты Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын экспресс автобус бағдарлары тоқтатылды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 312, 315, 317 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Ал № 301, 302, 303, 304, 306, 307, 310, 311, 313, 316, 318, 320 бағдарлардың қозғалысы жалғасуда», - делінген хабарламада. Жолаушы тасымалдау компаниясы тұрғындарға барынша сақ болып, тоңып қалмауды, баратын жерін алдын ала ойластырып алуды сұрайды. Автобустың қозғалысы қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарланатын болады.

alrt.kz

Хабар 24 телеарнасы