378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райы: Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

  • 289
  • UPD: 16:35, 12.02.2019
Ауа райы: Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты үш облыста ескерту жариялады.

13 ақпан күні Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс бағыттан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін, екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы – 90-95 %.

13 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Сондай-ақ 13 ақпанда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыс бағыттан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 18-23 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жететіні күтілуде. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %. 

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы