378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 244
  • UPD: 15:58, 14.02.2019
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына орай екі облыста ескерту жариялады. 15 ақпан күні ШҚО-ның кейбір жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады.

Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с,  күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. 15-17 ақпан күні Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

Хабар 24 телеарнасы