378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада екі қоғамдық көліктің қозғалысы өзгереді

  • 488
  • UPD: 10:58, 15.02.2019
Астанада екі қоғамдық көліктің қозғалысы өзгереді

Осы сенбі күні, 16 ақпанда екі қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Обаған көшесінің тұрғындарын екіжақты көліктік қызмет көрсету мақсатында №14 қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Сонымен қатар, сол күні №64 қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы де өзгеретін болады.

№14 қалалық бағдар қозғалысының жаңартылған сызбасы:

Бастапқы нүкте Теміржол вокзалынан Қ.Сәтпаев көшесі – Б.Момышұлы даңғылы қиылысына дейін, Қ.Сәтпаев көшесінен тіке, одан әрі Обаған көшесіне – Қ.Аманжолов көшесіне оңға, әрі қарай сызба бойынша қатынайды.

Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы