378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің үш облысында ескерту жарияланды

  • 334
  • UPD: 17:15, 15.02.2019
Еліміздің үш облысында ескерту жарияланды

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

16 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында 16 ақпанда бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде солтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Таңертең және күндіз 16 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. 16 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 16 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

16 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 16 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы