375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана - Қарағанды тасжолы жабылды

  • 264
Астана - Қарағанды тасжолы жабылды saratovnews.ru

Қарағанды облысының кей аудандарында желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жетті.

Ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран басылмай тұр. Әрі кешегі ауа райының 0 градусқа дейін жылынуынан еріген қар суы мұз болып қатып қалған.Салдарынан бүгін 13 жол апаты тіркелді. Боран мен көктайғаққа орай таңертең барлық бағыттағы жолдар жабылды. Ал кешқұрым Қарағанды-Астана мен Қарағанды-Павлодар бағытынан басқасы ашылды. Тәртіп сақшылары тәуекелге бел байлағандарды бекет маңынан тоқтатып жатыр. Олардың арасында 25 жолаушысымен Қарағандыдан Алматыға бағыт алған автобус та бар.

Орынбасар Жүнісов, жүргізуші:

– Қарағандыдан Алматыға бара жатырмыз. Жағдай осы. Амал жоқ, күтеміз енді.

Хабар 24 телеарнасы