378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 320
  • UPD: 22:29, 19.02.2019
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

2019 жылғы 19 ақпан күні сағат 21:00-ден 20 ақпан күні сағат 21:00-ге дейін Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын, областың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 20 ақпанда кей уақытта қатты жауын-шашын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Түркістан қаласында 20 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

19 ақпан 20:00-ден 22 ақпан 20:00-ге дейін Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 20 ақпан таңертең және күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

19 ақпан сағат 21:00-ден 20 ақпан сағат 21:00-ге дейінгі аралықта Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады. Ақтау қаалсында 20 ақпанда түнде көктайғақ сақталады.

19 ақпан күні сағат 21:00-ден Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы