378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да боранға байланысты бес бағыттағы жол жабылды

  • 335
БҚО-да боранға байланысты бес бағыттағы жол жабылды gagauzinfo.md

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты бес бағыттағы жол жабылды.

БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, бүгін кешкісін өңірдің кей жерлерінде қатты бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетті. Осыған байланысты жергілікті сағат 21.00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (Переметныйдан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Сонымен қатар сағат 18.30-дан бастап облыстық маңызы бар Федоров-Ақсай, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты, Ақсай-Шыңғырлау, Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай жолдары жабылды.

«Қазіргі кезде тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, алыс жолдарға шықпау жөнінде ескертілуде», – деп хабарлады ТЖ департаментінен. Еске сала кетейік, бұдан бұрын да боранға байланысты жол жабылған болатын. Сондай-ақ жыл басынан бері боранды күні жолда қалған қар құрсауынан 800-ден астам адам құтқарылды. Бүгін ауа райына байланысты ескерту жарияланып, құтқарушылар бес айлық сәбиді ауруханаға жеткізді. Қардың көптігіне байланысты облыста тағы бір үйдің төбесі құлады.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы